Өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты – Нұрқанат Тәжібай
Шымкент қаласындағы №1 МӨСБ өрт сөндірушісі азаматтық қорғау кіші сержанты Нұрқанат Ержанұлы Тәжібай – 2023 ж. маусым айынан бастап қызметке қабылданған жас маман.
“Ата-анам әрдайым ер жігіт өзгелерден арының алдындағы адалдығы, жақынының алдындағы жауапкершілігі, ержүректілігімен ғана ерекшеленеді деп айтып отыратын.
Бұл менің өрт сөндіруші мамандығын таңдауыма септігін тигізді. Антына адал, өзгенің өмірі үшін өз өмірін қиюға дайын болып, қайсарлық таныту – бұл менің қалауым, менің таңдауым!” – деп бөлісті жас маман.
Өрт сөндіруші мамандығы – әлемдегі ең күрделі мамандықтардың бірі. Жылжымалы сатыға көтерілуді, газқағарды қолдануды, қалың түтінде қозғалуды, жүгіруді, секіруді, ауыр заттарды көтеруді үйрену керек, бірақ ең қиын нәрсе – ол әр сәтте біреудің өмірін сақтап қалу үшін өз өмірін қатерге тігуге дайын болу. Нағыз өрт сөндіруші шаршаудың не екенін білмейді, «мүмкін емес» деген сөзді білмейді. Кез-келген уақытта, кез-келген ауа-райында, ыстықта және қатты аязда, кез-келген жағдайда көңіл-күйіне қарамастан ол отқа да, суға да тәуекел етуге дайын. Көбінесе өрт сөндірушілер қайғылы оқиға орнына бірінші болып жетіп, адамдарға барынша көмектесуге тырысады.
Егер Сіз өрт сөндіруші болуға қызығушылық танытсаңыз, онда бұл жұмыстың не екенін нақты білуіңіз қажет. Кез келген өрт – қорқынышты көрініс. Өрттің қармағына түскен қарапайым адамдардың көпшілігі жабырқап қозғалмай қалады немесе керісінше, олар бір нәрселерді өз бетінен белсене қозғалып, онсыз да қиын жағдайды ушықтырып алуы мүмкін. Бірінші және екінші жағдайда, егер өрт сөндіруші мамандары көмекке келмесе, адамдар өлімге душар болады. Өртте өрт сөндірушілер бірден адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін барлық мүмкіндікті жасайды, сондай-ақ түтікқұбырларын ашып, өртті сөндіруге кіріседі. Бөлімше командирі қандай тактиканы пайдалану қажеттігі туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ қажет болған жағдайда қосымша күштерді шақырады. Өрттің әрбір түрін сөндіру үшін белгілі бір стратегиялар мен арнайы жабдықтар қолданылады. Кез келген өртте барлау жүргізу қажет. Бір-бірімен арқанмен байланысқан бірнеше тәжірибелі жауынгерлер оттың қармағына түскен барлық адамдарды құтқару үшін аптап ыстыққа жіберіледі.