ЖаңалықтарШымкент

Семинарда Әділет органдарында тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі кеңейтілгендігі айтылды

Шымкент қаласының Әділет департаментімен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының, оның ішінде Шымкент қаласы әкімдігінің, Шымкент қаласы бойынша мәслихат аппаратының өкілдері мен басқармалар басшылары және заңгерлерінің қатысуымен семинар өткізілді.
Семинар барысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық актілерінің тіркелуін реттейтін қаулыларының күшін жойылғандығы, сондай-ақ қазіргі таңда Әділет министрінің бұйрықтарымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу мен құқықтық мониторинг жүргізу қағидалары қолданыста екендігін және әділет органдарында тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі кеңейтілгендігі айтылды.
Өз кезегінде, аталған нормативтік құқықтық актілер саласындағы жаңашылықтар Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 13 сәуірдегі «Мемлекеттік аппаратының қызметін бюрократиядан арылту жөніндегі шаралар туралы» №872 Жарлығына сай іске асырылуда.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласының Әділет департаментімен Шымкент қаласының мәслихатының қызметкерлерінің қатысуымен НҚА мемлекеттік тіркеу саласындағы жаңашылдықтары бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында НҚА мемлекеттік тіркеу саласындағы жаңашылдықтар туралы «ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріне ҚР әкімшілік реформа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылдың 19 сәуірдегі Заңды іске асыру шеңберінде 2023 жылдың 26 маусымында қабылданған №408 «Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығы таныстырылды. Тізбе бірқатар ведомстволық және өңірлік НҚА қабылдау рәсімін жеңілдетуге, мемлекеттік органдардың дербестігі мен жауапкершілігін арттыруға бағытталған мемлекет жүргізіп отырған саясат қағидатына сәйкес келетін заңнамалық нормаларды іске асыруды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Back to top button