ЖаңалықтарШымкент

Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында оқыту семинар өткізілді

Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімімен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шымкент қаласының халыққа қызмет көрсету орталығының Қаратау ауданы бөлімінің қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру мақсатында оқыту семинар өткізілді.

Атқарушылық өндірістер бойынша дөңгелек үстел өтті. Шымкент қаласы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласы атқарушылық округінің резонанстық (проблемалық) атқарушылық өндірістері бойынша Шымкент қаласының Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы өкілдерінің және Шымкент қаласы Әділет департаментінің атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімі басшысы м.а. қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел барысында проблемалық алименттерді өндіру бойынша нақты шаралар қабылдау, борышкерлердің бас тартуы жағдайында әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту және құрылыс нысандарын бұзу, үйден шығару санатындағы атқару өндірістері бойынша резонанс туғызбау шаралары талқыланды.

Көлеңкелі экономика бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппараты басшысымен бекітілген 2023 жылға арналған Операциялық жоспарға сәйкес, Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.Алимкулов Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жылжымайтын мүлікке байланысты мәмілелер салық толеуден жалтаруға әкелетін көлеңкелі айналымның (жылжымайтын мүлікті жалға беру, құқықтарды тіркеуден жалтару) элементтерін болдырмау, қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, анықтау, тергеу.

Back to top button