Көлеңкелі экономика бойынша дөңгелек үстел өткізілді
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Аппараты басшысымен бекітілген 2023 жылға арналған Операциялық жоспарға сәйкес, Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.Алимкулов Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті мен Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының қызметкерлерінің қатысуымен көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Іс-шараның мақсаты – жылжымайтын мүлікке байланысты мәмілелер салық толеуден жалтаруға әкелетін көлеңкелі айналымның (жылжымайтын мүлікті жалға беру, құқықтарды тіркеуден жалтару) элементтерін болдырмау, қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу, анықтау, тергеу.
Мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру түсіндірілді. Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының тіркеу басқармасының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқыту семинар өткізді.
Іс-шара барысында тіркеуге ұсынылған құжаттардың, сондай-ақ құқықтық қатынастардың субъектілері мен объектілерінің, жылжымайтын мүлікке құқық немесе құқық ауыртпалығы түрінің, олардың туындау, өзгеру, тоқтатылу негіздерінің заңнама талаптарына сәйкестігін анықтап, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асырылуы түсіндірілді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы енгізілген өзгерістер талқыланды. Әділет министрінің 2023 жылғы 9 маусымда бекілітілген «Жылжымайтын мүлік объектілерін мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығын түсіндіру мақсатында Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КеАҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының техникалық тексеру басқармасының қызметкерлерімен семинар өткізді.
Семинар барысында ҚР «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңына енгізілген өзгерістерді талқылады.