ЖаңалықтарШымкент

Азаматтар құқықтық кеңестер алды

Шымкент қаласы Әділет департаменті мен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы бірлесіп, қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға Шымкент қалалық маслихатының депутаты Исахов Т.Ж., Шымкент қаласы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы Н.Карабаева және Шымкент қалалық «Zangerler Palatasy»-ның заңгері А.Мырзагалиевалар қатысты.

Азаматтар қолхат негізінде ақша өндіру, сотталған жұмысшының жұмысқа орналаса алмауы, шет елдік азаматқа туу туралы куәлік рәсімдеу, көршілердің өзара әкімшілік құқық бұзушылыққа қатысты мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.

Қоғамдық қор ашуға қатысты құқықтық кеңестер берді. Шымкент қаласы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д.Ботан және бөлімнің мамандары мүмкіндігі шектеулі азаматқа қоғамдық қор ашу бойынша құқықтық кеңестер берді. Сондай-ақ қордың мәні мен мақсаты туралы түсіндірілді.

Мәжіліс депутатының қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті. «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Д.Е.Исабековтың қатысуымен қоғамдық қабылдау өтті.

Қабылдауға Шымкент қалалық Мәслихат депутаттары А.Т.Зейнетаев, Қ.Е.Имашев, Т.Д.Балтабаев, сонымен қатар Шымкент қаласы Әділет департаментінің, Шымкент қаласы прокуратурасының, Шымкент қаласы Әкімдігінің, Шымкент қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының, Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының өкілдері қатысты.

Қабылдауға келген 100-ден астам азаматтардың мәселелері жан-жақты қаралып, тиісті құқықтық көмек көрсетілді. Азаматтар жер телімдерін заңдастыруға, зейнетақы тағайындауға, мүмкіндігі шектеулі азаматтар жәрдем ақы тағайындауға, қолжетімді баспанаға кезекке тұруға, қоғамдық қор ашуға, алимент өндіруге қатысты мәселелері бойынша құқықтық кеңестер алды.

 

Back to top button