Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың санын азайтуға полиция аға лейтенанты Клара Батырқызы үлес қосып келеді
Профнавигация» жобасы аясында жастарға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беруші жобаның кезекті кейіпкері – Клара Батырқызы. Ол – Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ-ның ЖПқБ Кәмелет жасқа толмағандар істері жөніндегі УПИ полиция аға лейтенанты.
Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың санын азайту мен түнгі уақыттағы қауіпсіздігін қадағалаушы Клара, бұл салада 3 жылдан бері қызмет етіп келеді.
-Бұл саланың өзгеде сала секілді жауапкершілігі өте үлкен. Полиция қызметкерінің бойында – сабырлық пен шыдамдылық басымдық таныту керек. Алдағы уақытта осы бағытты таңдаушы жастарға сәттілік тілеймін, – деді полиция аға лейтенанты Клара Батырқызы.
Жасөспірімдер арасындағы қылмысқа барудың басты себебінің бірі болып отбасындағы тұрмыс жайсыздығы, ата-аналары немесе оларды ауыстырушылар жағынан қадағалаусыз қалған, сонымен қатар, олар оқып жүрген мекемелердегі бақылаусыздық негізгі себеп болып табылады. Бұл жаста жасөспірімдерде әлі де дүниетаным қалыптаспайды, сондықтан олар айналасындағы адамдар ықпалына тез көндігеді. Өз ортасында таным таппаған, отбасында балаға деген назар сезінбегендіктен, білім беретін мекемеде жасөспірім өзін жеке тұлға ретінде бекінгісі келеді, таным мен қолдау кездестіріп, аулалық топтың беделді мүшесі болуға тырысады. Күннен күнге жасөспірімдерді ойын клубтары да көп тартады, бұл жерлер балалардан ақшаның құйылымын ғана қажет етпей және де оқудан, спорттан шектетеді.
Егер де жасөспірім алкоголь мен есірткі ықпалымен болмаса көптеген қылмыстар тіпті жасалмас еді. Сондықтан, ережеге сәйкес, соттар айыпталушының қылмыс жасағандағы мастық күйін ауырлататын жауапкершілік жағдайымен деп таниды. Егер де біз оқу мекемелерін ғылым ордасы ретінде сақтағымыз келсе және жақын болашақта ол жерлерде құқыққорғау органдары үшін қосымша жұмыс тапқымыз келмесе, біздің балаларымыздың мектептегі орнынан басқа айыпталушының орнына отырмасын десек барлық күш қуатымызды бала тәрбиесіне салуымыз қажет.