ЖаңалықтарШымкент

Аудан жастарына семинар-тренинг өтті

Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қаратаулық жастардың қатысуымен семинар-тренинг өтті

Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, өзін-өзі бағалауды арттыру мен өзіне деген сенімін нығайту мақсатында өткен семинар-тренинг – Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығы ғимаратында өтті.

Семинар-тренингте психологтар мазасыздық деңгейін диагностикалау бағытында түсіндірме жұмыстары өтіп, бірнеше ойындар ойнатылды. Психологиялық кеңеске жүгінетіндер  өмір сүруге тым бейім емес және жұмыстан қолы бос адамдар. Өйткені психологқа бару үшін де көп уақыт кетеді. Сондай-ақ клиенттердің ішінде сезімі жағынан осал жандар да кездеседі.Бұл адамдар қандай жағдай болса да психологқа көп барады. Олар бастарында мәселе туындағанда бірден келмейді, өмірлерінің қиын сәттерінде, тығырықтан шығар жол таба алмағанда ғана психологқа баруға мәжбүр болады. Адамдар өз мәселесін  қалай  шешуді білмей басы қатқанда  жоғарыдағы жолды таңдайды. Тіпті олардың ойынша жан дүниелеріне жарықшақ түскендей, айналасындағы адамдармен аралары алшақтап кеткендей  күй кешеді.

Адамдар психолог кеңесшіден не күтеді  олар не үшін көмек сұрайды? Бұл сұрақтарға төмендегідей жауап беруге  болады! Кейбір клиенттер өз мәселелерін қалай шешу керек екенін жақсы біледі, тек олар психолог- кеңесшілерден көңіл күйлеріне демеу күтеді. Енді біреулері мәселелерін қалай шешу керек екенін білмей, психологтың көмегіне  жүгінеді. Үшінші бір топтағы адамдар өзіне не керек екенін, қандай жолмен жүретінін білмейді немесе өздеріне тым сенімділер тобынан құрылады. Оларға тек дұрыс бағытты көрсетіп жіберсе болды. Төртінші, рухани жалғыз адамдар, оларға әлдебіреумен әңгімелессе болды.Олардың көкейін тескен мәселе жоқ, бірақ уақыт өткен сайын олар жақсы әңгімешілерге зәру болады.Психолог кеңесшілердің алдына не істерлерін білмей жүрген, мамандарды сынау үшін келетін клиенттер де болады. Біреулер шын көңілімен психологтың  қандай болатынын көргісі келеді. Енді біреулері психологтың  қызықты жұмысын тамашалап, оларды ыңғайсыз жағдайға қалдырғысы келетін де жағдайлар болады.

Back to top button