Діни сауатсыздықтың теріс салдары көп
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыбында Шымкент қаласы №3 спорт шеберлігі мектебінің жекпе-жек ұлттық спорт түрімен айналысушы жастар арасында кездесу өтті.
Мақсаты – жас спортшыларға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу және отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Абдувахидұлы Рахымжан қатыстып, кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары мен тәлім-тәрбиелік бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, теолог жастармен кері байланыс орнатып, сұрақтарына жауап берді.
Шымкент қаласы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет студенттері арасында жастардың діни танымдығын арттыру бағытында сала мамандарымен кездесу өткізілді. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткен кездесуде дін саласының мамандарының қатысуымен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Аталған кездесудің мақсаты – жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру, ата-ананы құрметтеу мен жақсылық жасай білуге баулу.
Кездесуге Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы Шымкент қаласы Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы қатысып, деструктивті діни ағымдардың алдын алу жолдары мен қоғамға тигізер залал-зиянын жеткізді.
Сонымен қатар, әлеуметтік желілердегі дінге байланысты түрлі видео, суреттерді өзгелермен бөліспеуге шақырды. Сондай-ақ, «Есірткісіз болашақ» тақырыбында Түркістан индустриялды-құрылыс колледжі ғимаратында нашақорлықтың алдын бойынша кездесу өткізілді. Кездесуге Шымкент қаласының Полиция департаменті тарапынан Есірткі қылмысына қарсы iс-қимыл басқармасының жедел аға уәкілі полиция майоры Карбеков Бауыржан, Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің теолог маманы Уәлихан Самат Шоқанұлы, Шымкент медресе колледжінің оқытушысы Жомарт Дөрбетхан қатысты. Олар есірткінің адам өміріне әкелер зияны мен оны қолданған жағдайда заң аясында қандай жауапкершіліктердің қаралғаны жөнінде сөз қозғады.