ЖаңалықтарШымкент

Оң көзқарас өмірді өзгертеді

Жас аналар арасында «Оң көзқарас өмірді өзгертеді» тақырыбында “Бақытты жанұя” орталығында семинар-тренинг өтті.

Жастар арасында мазасыздық деңгейін диагностикалау және психологиялық әдістемелер бойынша өткен семинар-тренингке коуч, тренер Ботакөз Дүйсенбаева қатысты.

Ол жас аналарға өзін-өзі бағалауды арттыру, өзіне деген сенімін нығайту мен дамыту мақсатында семинар-тренинг жүргізді.

«Оңтүстік» шағын ауданы тұрғындарына қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған шара өтті. Сала мамандарының қатысуымен Іскер әйелдер ассоциациясының төрайымы, әйелдерді зорлық- зомбылықтан қорғау тобының инспекторы және № 34 Ю. Гагарин атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімдері қатысты.

Аталған жиын тәрбиелік мәні жоғары отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы институтының дамуына жан-жақты қолдау көрсету тақырыбы аясында өтті.Түсіндірме жұмысы барысында отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, қоғамдағы келеңсіз мәселенің өзектілігі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.

Кездесу форматында өткен іс-шарада қоғамдағы әйелдердің өзекті мәселелері бойынша сұрақ-жауаппен ұласып, ұсыныс-тілектер назарға алынды. Сондай-ақ концерттік бағдарлама, психологиялық тест жүргізіліп, белсенді қатысушыларға сыйлықтар таратылды.

Ж.Ташенев университетінде гендерлік саясат және қоғамдағы әйелдердің рөлін арттыруға бағытталған қызбалалар арасында өткізілетін кездесу орын алды. Гендерлік саясат — қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Бұл қоғамдық өмірдің барлық салаларында ерлер мен әйелдердің теңдігіне қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік және қоғамдық қызмет.

Қоғамдағы қыз баласының жағдайы ұлт болашағының көрінісі. Қызының құқығы тапталған, ар-намысы сақталмаған ұлттың болашағы бұлыңғыр. Бүгінгі қыз ертеңгі ұрпақтың анасы, тәрбиешісі. Ендеше қызымызды еркін әрі есті етіп өсіру ертеңіміздің жарқындығына кепіл болмақ. “Қыз тәрбиесі – қоғам тәрбиесі” атты кездесу өте өзекті әрі маңызды мәселелерге арқау болды.

Back to top button