Забадам елді-мекені тұрғындарына арналған құқықтық сауаттылық бойынша кездесу өтті
Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Забадам елді-мекені тұрғындарына арналған құқықтық сауаттылық және өмірлік маңызды дағдылар бойынша кездесу өтті.
Кездесуге Құқықтық сауаттылық бойынша Әділдік жолы ҚБ шымкент қаласы филиалының төрағасы Айжан Кесебай, психолог, оратор Марал Жұмагелді мен Мансап орталығының маманы Журимбаева Сайда қатысты.
Сала мамандары заңдағы өзгерістер мен құқықтық сауаттылық жөнінде сөз қозғап, шалғайлық тұрғындарға мемлекет тарапынан беріліп жатқан жеңілдіктер мен бағдарламалар жөнінде жеткізді.
Мемлекеттік және халықаралық деңгейге сай, бәсекеге төтеп бере алатын, жан-жақты, құқықтық сауатты ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі қоғамның басты талабы екені сөзсіз. Ішкі және сыртқы күрделі мәселелерді шешуде жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру ісін қайта қарау керектігі анық сезіледі. Ал ол үшін құқықтық білім беру, құқықтық сана қалыптастыру, жауапкершілікті арттыру міндеттері алға шығады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында «Заң үстемдігі орнықпаса, азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік берілмесе, әлеуметтік-экономикалық дамудың бірде-бір міндеті табысты жүзеге асырылмайды» деген болатын.
Қазіргі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бүгінде бұл көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр.
Әрбір ата-ана өз баласының тәртібі мен тәрбиесіне мән беріп, бос уақытында немен айналысатынына бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне септігін тигізер еді. Психолог мамандардың зерттеуі бойынша жас баланың саналы азамат болып қалыптасуында оның отбасында, мектеп қабырғасында, көшеде көргендері маңызды. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын-алу үшін мектебімізде жыл басынан бері тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылуда. Аталған тақырып аясында сынып жетекшілері, тәрбиешілер бірлестігі тәрбие сағаттарын өткізіп, оқушыларға түсіндірме жұмыстарын күнделікті жүргізіп отырады. Бұған қоса оқушылардың жат әрекеттерден аулақ болуы, үшін мамандармен кездесулер өткізілуде.