ЖаңалықтарШымкент

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда 11616 сенім телефонына қоңырау шалу қажет

Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының бастамасымен “Менің бақытты өмірім” тақырыбында бейнеролик әзірледі.

Арнайы әзірленген бейнероликке Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚб Әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау инспекторы полиция аға лейтенанты Әсел Ермаханқызы қатысты.

Отбасындағы зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда 11616 немесе 45-03-03.

Сондай-ақ, Байтулы баба 6/1 мекен-жайында орналасқан “№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы” көмегіне жүгінуге болады.

Әлеуметтік жағдайдың төмендігі, жұмыссыздық, ақша жетіспеушілігі сынды қиындықтар қаншама шаңырақтың шайқалуына түрткі болып отыр. Салдарынан, ерлі-зайыптылардың арасында агрессивті қарым- қатынас орнап, соңы қол көтеру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, тіпті адам өліміне дейін жеткізуде. Қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасы Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары «Ана үйі» қоғамдық қорына арнайы барып, ондағы аналар мен бөбектердің хал-жағдайымен танысты.

Шараның басты мақсаты – өмірде қиын жағдайға тап болып, жақындарынан қолдау көрмеген аналарға қандайда бір материалдық және моральдік-психологиялық тұрғыдан қолдау көрсету.

Сондай-ақ, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жүргізу. Полиция қызметкерлері бұл жолы да аналармен жекелей жүздесіп, құқықтық кеңес беруді ұмытқан жоқ.

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық – бүгінгі таңда кей нәзік жандылардың басты проблемасының бірі. Көбінесе адамдар бұл туралы ашық айта бермейді. Осындай түрлі тұрмыстық зорлық-зомбылық салдарынан зардап шегіп, қайда барарын білмей басы дел-сал болған нәзік жандылар қауымының бүгінгі таңдағы бас сауғалайтын аялы мекені – «Ана үйі. Сондықтан да отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықты жою жолында құқықтық және практикалық шараларды іске асырып, оның себептерін кешенді түрде анықтап, тоқтату – басты мақсат», — деп қорытындылады полиция капитаны Ж.Тасқұлова.

Back to top button