Газ тұтыну қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзған жағдайда 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 306 бабына сәйкес, газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін, жеке тұлғаларға – жеті, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он, орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он бес, iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамаудан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында департамент қызметкерлері үгіт материалдарын тарату, нұсқаулар беру және үнемі түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырады.
Осыған орай, өткен жылдың тамыз айынан бастап «Өрт қауіпсіздігі айлығы», «Жатақхана», «Улы газдан сақ болыңыз», «Әр үйге қауіпсіздік» бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жаппай хабарландыру мен акциялар жүргізіліп жатыр.
Абонент пәтер ішіндегі газ жабдығының тиісті техникалық жағдайын қамтамасыз етуге міндетті.
Құрметті газ тұтынушылар! Өз денсаулығыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі туралы ойлаңыздар – газ жабдығына уақытылы қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етіңіздер!
Газды тұрмыста қолданатын халық міндетті:
- Газ аспаптарының, түтіндіктер мен желдеткіштердің қалыпты жұмыс істеуіне бақылау жасауға, түтіндікке газ жану өнімдерін бұратын газ аспаптарын қосқанға дейін және жұмыс істеуі кезінде түтін тартылуын тексеруге. Түтіндіктің «қалтасын» мерзімді тазалап отыруға.
- Газды пайдаланып болған соң, газ аспаптарында және олардың алдындағы крандарды жабуға.
- Газ жабдығы жарамсыз болғанда «Горгаз-сервис» ЖШС кәсіпорнының қызметкерлерін шақыртуға.
- Пәтер ішінде газ иісі пайда болған кезде газ аспаптарын қолдануды дереу тоқтатуға, аспаптарға жалғанған және аспаптардағы крандарды жабуға, үй-жайды желдету үшін терезелер мен желкөздерді ашуға, 104 телефоны бойынша апаттық қызметті шақыртуға (газдалған үй-жайдан тыс).