ЖаңалықтарШымкент

Қаладағы 941 білім беру мекемелерін Төтенше жағдайлар департаменті есепке алған

Білім беру мекемелерінде қауіпсіздікті сақтау мәселесі өзекті екені баршамызға мәлім, сол себептен балалар мен студенттерді кез келген қауіп-қатерден қорғауға міндеттіміз.

Білім беру объектілерінің өртке қарсы жай-күйі, тілсіз жауға қарсы режимнің сақталуы, өрт автоматикасы жүйелері мен өртке қарсы нұсқауларды сақтау және техникалық қызмет көрсету тәртібі, өрт шыққан кездегі іс-қимыл тәртібі және эвакуациялау процесін ұйымдастыру Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне жүктелген мәселелердің бірі болып табылады.

Қаладағы 941 білім беру мекемелерін Төтенше жағдайлар департаменті есепке алған.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша жүргізілген бақылау мен қадағалау және субъектісіне бару арқылы профилактикалық бақылау ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізіледі.

Өрт қауіпсізгідігін сақтау бойынша 216 білім беру мекемесіне профилактикалық бақылау мен қадағалау жарты жылдық графикке енгізілді. Нәтижесінде 186 мекемесі тексеріліп,  өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмаған 1843 бұзушылық анықталды және кемшіліктерді жою туралы ұйғарымдары ұсынылды (30 объектіге объективті себебтермен бақылау жүргізілмеді).

ҚР ӘҚБтК – нің 462 – бабының 3-бөлігі бойынша 4 әкімшілік хаттамалар сотқа жолданды, 2 іс бойынша әкімшілік іс қаралып, 586 мың 500 теңге көлемінде айыппұл салынды, 2 әкімшілік іс қаралуда.  Жүргізілген профилактикалық бақылауға 705 объектісі микро және шағын кәсіпкер болуына, мораторий жариялануына және жаңа регуляторлық саясатқа байланысты әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.

Сонымен қатар, қаланың білім беру нысандарында тіршілік қауіпсіздігі мәселелеріне жүйелі тәсілді ұйымдастыру мақсатында ТЖД-да жалпы білім беретін мектептердің, орта кәсіптік оқу орындарының және мектепке дейінгі оқу орындарының оқытушыларын оқыту практикасы енгізілді. Жыл сайын ТЖ департаментінде білім беру жүйесінің 100-ден аса қызметкері арнайы оқудан өтеді.

Back to top button