Жалпыға бірдей декларациялау төрт кезеңнен тұрады
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңына сәйкес 2021 жылдың 1–ші қаңтарынан бастап Салық кодексінің 71–тарауы «Жалпыға бірдей декларациялау» қолданысқа енгізілді.
2021 жылы декларация тапсырушылар қатарында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары, «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына және «Банктер және банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар бар.
Сондай-ақ 2023 жылдан бастап Жалпыға бірдей декларацияның екінші кезеңін мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері және олардың жұбайлары, квазимемлекеттік сектор субьектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары тапсыруда.
Аталған декларацияның үшінші кезеңін келесі 2024 жылы Заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары тапсыратын болады.
Сонымен қатар 2025 жылы декларацияның төртінші кезеңін қалаған санаттағы азаматтар тапсырады.
Жеке тұлғалар жалпыға есепті салық кезеңінің 31 желтоқсандағы жай-күйі бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) табыс еткен жылдан кейінгі жылдан бастап жыл сайын кірістер мен мүлік туралы Декларация (270.00-нысан) табыс етуге міндеттеледі.
Салық төлеуші активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) табыс етсе, кейінгі жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) табыс етуге міндетті. Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырудың тәртібі, ерекшеліктері және мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 630-632 бабтарымен реттелген. Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация (250.00–нысан) жинақталған активтер мен міндеттемелерді Декларациялау жүйесіне кіру күніне тіркеу үшін ұсынылады.