ЖаңалықтарШымкент

Салық төлеуші активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00-нысан) табыс етсе,  кейінгі жылдан бастап кірістер мен мүлік туралы декларацияны (270.00-нысан) табыс етуге міндетті

Активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырудың тәртібі, ерекшеліктері және мерзімдері Қазақстан Республикасының Салық Кодексінің 630-632 бабтарымен реттелген.

Активтер мен міндеттемелер туралы Декларация (250.00–нысан) жинақталған активтер мен міндеттемелерді Декларациялау жүйесіне кіру күніне тіркеу үшін ұсынылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында тіркелген жылжымайтын мүлік және көлік құралдары туралы мәліметтерді декларацияда көрсетудің қажеті жоқ, өйткені бұл мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарында бар.

Қазіргі таңда, яғни 2023 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Жалпыға бірдей декларациялаудың ІІ-ші кезеңі жүзеге асырылуда.

250.00-нысан активтері мен міндеттемелері туралы декларацияларын жалпыға бірдей декларациялаудың екінші кезеңінде Шымкент қаласы бойынша 392 мекемелерден барлығы 55 745 жеке тұлға күтіліп отыр.

23.08.2023 ж. жағдай бойынша Шымкент қаласы бойынша декларацияны 54 455 тұлға немесе 98% табыс еткен.

270.00-нысан кірістері мен мүлкі туралы декларацияны Шымкент қаласы бойынша 195  мекемелерден барлығы 21 907 жеке тұлға күтіліп отыр.

23.08.2023 ж. жағдай бойынша Шымкент қаласы бойынша декларацияны 21 789 тұлға немесе 99,5% табыс еткен.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңына сәйкес 2021 жылдың 1–ші қаңтарынан бастап Салық кодексінің 71–тарауы «Жалпыға бірдей декларациялау» қолданысқа енгізілді.

2021 жылы декларация тапсырушылар қатарында жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары, «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңына және «Банктер және банк қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген адамдар бар.

Back to top button