Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны салық төлеушінің кабинеті cabinet.salyk.kz арқылы электронды түрде ұсынуға болады
Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны салық төлеушінің кабинеті арқылы электронды түрде ұсынуға болады (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), сондай–ақ «eSalyq Azamat mobile» және «eGov mobile» мобильді қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, 1414 бірыңғай республикалық нөмір платформасында жалпыға бірдей декларациялауды түсіндіру үшін байланыс орталығы іске қосылған.
Егерде жеке тұлға жалпыға бірдей декларациясын уақтылы тапсырмаған жағдайда ҚР-ның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 272-бабына сәйкес, Салықтық есептiлiкті, бақыланатын шетелдік компанияның қаржылық пайдасын айқындау үшін қажетті құжаттарды ұсынбау, сондай-ақ салықтық есептілікте толық емес, анық емес мәліметтер ұсыну жеке тұлғаға қатысты әкімшілік жауапкершілікке тарту болып табылады.
Жеке тұлғалар, оның ішінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке тұлғалардың декларацияларын тапсыру міндеті жүктелген тұлғалар кірістер мен мүлік туралы декларацияда есепті салықтық кезең ішінде мынадай мүлікті, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде сатып алуға арналған шығыстарды жабу көздері туралы мәліметтерді көрсетеді:
1) мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын жылжымайтын мүлік, сондай-ақ құқықтары және (немесе) мәмілелері мемлекеттік немесе өзге тіркеуге жататын мүлік;
2) мемлекеттік тіркеуге жататын механикалық көлік құралдары мен тіркемелер;
3) заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлестері;
4) бағалы қағаздар;
5) инвестициялық алтын;
6) туынды қаржы құралдарын (орындалуы базалық активті сатып алу немесе өткізу арқылы жүргізілетін туынды қаржы құралдарын қоспағанда);
7) тұрғын үй құрылысына қатысу үлестері.