BasNewsЖаңалықтар

ҚТЖ 1300 шақырымға жуық жол салуды жоспарлауда

Үш жыл ішінде Қазақстан темір жолы 1300 шақырымға жуық жол салуды жоспарлап отыр, – деп хабарлаqды Basnews.kz тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл елдің көлік әлеуетін айтарлықтай ұлғайтуға, экспорттық өнімді тасымалдау тиімділігін арттыруға және елдегі пойыздар қозғалысының жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ хабарламада республиканың темір жолдарындағы транзиттің артқаны айтылған. 2023 жылдың 8 айында транзиттік жүк айналымы 25%-ке өсіп, 35,8 миллиард таза тонна-километрге жетті. Контейнерлік транзит 26%-ке өсті.
Транскаспий халықаралық бағыты бойынша тасымалдау да артып келеді. 2023 жылдың басынан бері бұл бағыт бойынша тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 85%-ға артып, 1,7 миллион тоннаны құрады.
Компания Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдар салынып жатқанын хабарлады. Дарбаза – Мақтаарал учаскесін, Алматыны айналып өтетін жол салу, Қытаймен үшінші шекара өткелін (Бақты – Аягөз) ашу жоспарланып отыр. Теңіз және құрғақ порт терминалдарын салу және қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

ҚТЖ өкілдері «New Silk Way» VI халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумына қатысты. Бұл іс-шарада қазақстандық және шетелдік салалық министрліктердің, жетекші компаниялардың мыңнан астам өкілі мен сарапшылар көлік-логистика саласындағы қалыптасып жатқан үрдістерді талқылады.

Back to top button