Елімізде тағы 88 адам COVID-19 жұқтырды

Қазақстанда тағы 88 адам COVID-19 жұқтырды, – деп хабарлайды Basnews.kz Сoronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Коронавирус індетін жұқтырған тағы 88 адам тiркелді, Алматы қаласында – 75 адам, Жамбыл облысында – 3 адам, Нұр-Сұлтан қаласында – 4 адам, Шымкент қаласы – 1, Атырау облысы – 1, Түркістан облысы – 3, Қарағанды облысы – 1. ⠀
«Қазақстандағы коронавирус бойынша 14 сәуірдің 10:25 уақытындағы эпидемиологиялық жағдай. Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 264 адам, Алматы қаласында – 346 адам, Қарағанды облысында – 79 адам, Ақмола облысында – 73 адам, Атырау облысында – 63 адам, Жамбыл облысында – 49 адам, Шымкент қаласында – 39 адам, Шығыс Қазақстан облысында – 8 адам, Алматы облысында – 22 адам, Ақтөбе облысында – 11 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 26 адам, Павлодар облысында – 10 адам, Маңғыстау облысында – 10 адам, Қызылорда облысында – 119 адам, Батыс Қазақстан облысында – 11 адам, Түркістан облысында – 47 адам, Қостанай облысында – 3 адам, жалпы 1179 науқас тіркелді», – делінген хабарламада.



