BasNewsЖаңалықтар
Алматыда бір тәулікте 174 адамнан коронавирус анықталды

Бір тәулікте Алматы қаласы бойынша 174 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы.
Coronavirus2020.kz ресми сайтының мәліметіне қарағанда 13 сәуір күні Алматыда – 99 адамнан КВИ анықталса, 14 сәуірде тағы 75 адам індетке шалдыққаны белгілі болды.
Осылайша Алматыдағы науқастар саны 346 адамға жетті. 50 адам жазылып шықса, 2 адам көз жұмды.
Ал, еліміз бойынша барлығы 1179 жағдай тіркелген. 138 адам емделді, 14 науқас қайтыс болды.



