BasNewsЖаңалықтар

Алматыда Шекара қызметінің 54 курсанты коронавирус жұқтырған

Алматыда шекара қызметінің 54 курсанты COVID-19 жұқтырған, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Кейін ҰҚК Шекара академиясының барлық қызметкері мен курсанты тексерілген.

Бұл туралы Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінде айтты.

«Шекара қызметіндегі курсанттардың, алғашқысында, 14-і табылған болатын. Кейінірек тағы тексерулер қорытындысы бойынша олардың саны 54-ке жетті. Ауру жұқтырған 54 курсант инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Бүгінде жағдайы – қанағаттанарлық. Бекітілген клиникалық хаттама қаулысы бойынша емделіп жатыр», – деді басқарма басшысы.

Еске салайық, соңғы мәліметтерге сәйкес Алматы қаласында 461 адам коронавирус жұқтырған. Елімізде COVID-19 1480 адамнан анықталды. 285 адам жазылды, 17 адам қайтыс болды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button