Қазақстанда қазақ тіліндегі айтыс туралы алғашқы подкаст жарық көрді
Қазақстанда ақындар, заманауи музыканттар мен музыка мамандарының қатысуымен айтыс туралы подкаст шықты. Бұл – еліміздің мәдени мұрасы – айтысқа арналған қазақ тіліндегі тұңғыш подкаст.
Жобаның тұжырымдамасы “Дәстүрмен диалог: Қазақстанның эстрадалық мәдениетіндегі айтысты зерттеу” айтыстың дәстүрлі мәдениеті мен заманауи музыка сахнасының бірегей байланысына бағытталған. Оның көмегімен тыңдаушылар қазақ музыка әлеміне еніп, айтыс тарихын біліп, оның заманауи өнерге, музыкаға және әлеуметтік әңгімелерге әсерін зерттей алады.
Шығарылмның қонақтары қазақстандық Ninety One – ZaQ (Zak) тобының мүшесі, музыкатанушы Әсел Мұқашева мен Бибігүл ақын болды. Олар айтыс элементтері заманауи музыкаға, оның ішінде эстрада, электроника және хип-хопқа қалай еніп жатқанын және бұл құбылыстың жастар арасында ұлттық болмыстың жаңғыруына қалай ықпал етіп жатқанын талқылады. Сондай-ақ олар айтыстың заманауи өнер мен музыка үшін маңызы туралы өз ойларын ортаға салып, андергрунд сахнаға, дәстүрлі формаларды жаңа жанрлар мен форматтарда жаңашылдықпен қолдану мәселелеріне қатысты тақырыптарды қозғады.
Подкасттың ынтагері inDrive компаниясы мен «Almaty Creative» Креативті Индустрияларды Дамыту Орталығы болды. Ол Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылып, ұлттық ақындар өнерін жаңғыртып, насихаттауға бағытталған inNauryz жобасының бір бөлігі болды. Осы аттас фестиваль Алматыда 2024 жылдың 24 наурызында Almaty Creative қолдауымен өтті:
«Біздің мақсатымыз – дәстүрді сақтау ғана емес, шығармашылыққа жаңа шығармашылық көзқарасты қалыптастыру», – дейді «Almaty Creative Креативті Индустрияларды Дамыту Орталығы» бас директорының орынбасары Бахыт Елюбаева.
Жоба авторларының айтуынша, бұл қазақтың музыка мәдениетін қабылдаудың жаңа көкжиектерін ашып, оның байлығы мен алуан түрлілігін көрсетеді. Қазақ мәдениеті мен музыкасына қызығушылық танытқандардың барлығы мамандармен бірге дәстүрлі айтыс өнері мен заманауи музыкалық стильдердің бірегей үйлесімін зерттей алады. Подкаст музыканттар мен музыка әуесқойларының жаңа буынын қазақ мәдениетін тереңірек зерттеуге және қабылдауға шабыттандыруға тырысады.
«Біз музыканың жергілікті жанрға ерекше назар аударуды жөн көрдік, өйткені бұл Қазақстанның мәдени мұрасын сақтап қана қоймай, өскелең ұрпақтың назарын ұлттық дәстүр мен өнерге аударуға көмектеседі деп ойлаймыз. Ақындар мен олардың өнері әрбір қазақстандыққа таныс, бірақ үлкен қалаларда ақындардың мәдениеті жоғалып барады. Сондықтан біз үлкен қалаларды ауылдар мен елді мекендерге жеткізуге көмектесетін қызмет ретінде қала тұрғындарына ұлттық музыка мәдениетін еске түсіріп, елді мекендер мен қалалар қауымдастығын біріктіруді шештік», — деп атап өтті inDrive.Қалааралық қызметінің басшысы Борис Хван.
Подкастты тыңдауға болады.