ЖаңалықтарТүркістан облысы
Түркістан: Келес ауданында түрлі этнос өкілдері сенбілікке шықты
Бүгін Келес ауданында 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні және «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында ұйымдастырылған іс-шарада аудан әкімі Жәнібек Ағыбаев түрлі этнос өкілдерімен бірге ағаш отырғызып, өңірдің көркеюіне үлесін қосты.
Сенбілікке этномәдени бірлестіктердің төрағалары, аудан жастары, спортшылар мен мәдениет майталмандары және кітапханашылар қатысты. Абай ауылындағы Асан қайғы көшесінің бойында орналасқан аллеяда этнос көшбасшылары 700 түп раушан, 200 дана шырайгүл және 200-ге жуық декоративті өсімдіктер отырғызды. Олар аллеядағы ағаштарды күтіп-баптау жұмыстарын үнемі назарда ұстайтынын жеткізді.