BasNewsЖаңалықтар

Елордада төтенше жағдай режимін бұзған «байкерлер» тұтқындалды

Нұр-Сұлтан полицейлері карантин режимін сақтауға арналған рейд шаралары кезінде «Suzuki», «Yamaha», «Harley-Davidson», «Kawasaki», «Honda CBR» маркалы мотоциклдердің 15 жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды Basnews.kz.

Олардың әрқайсысында жұмысқа барып-қайтуға рұқсат қағазы бар, бірақ жүргізушілер жұмыстан тыс уақытта да қала ішіндегі қозғалысын тоқтатпай, карантин режимін бұзған. Жазадан қашу үшін жүргізушілердің кейбірі көлігінің мемлекеттік нөмірін баумен және металл тормен жасырып қойған.

Нәтижесінде жүргізушілер техникалық талаптарға сай емес және оқылмайтын немесе мемлекеттік нөмірлердің ұлттық стандартына сай келмейтін көлік айдағаны үшін ҚРӘҚБК 590-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, полицейлер кешкі уақытта бағдаршамның тыйым салынған түсіне өтіп кеткен «Suzuki» маркалы мотоциклдің 32 жастағы жүргізушісін ұстады. Мотоциклдің құжаттарын тексеру барысында сақтандыру полисі жоқ екені белгілі болды. Сот шешімі бойынша жүргізуші ҚРӘҚБК 476-бабы 1-тармағы төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 5 тәулікке қамалды. Сонымен қатар ол ЖҚЕ бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Төтенше жағдай режимін бұзған 5 жүргізушіге қатысты ҚРӘҚБК 476-бап 1-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды, олардың біреуі 5 тәулікке қамауға алынды.

Тәртіп бұзушылардың көлігі, яғни мотоциклдер коммуналдық тұраққа қойылды.

 

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button