BasNewsЖаңалықтар

Бірнеше жерде жұмыс істесең де 42 500 теңгені алуға бола ма?

Күн сайын 42500.enbek.kz сайтына әлеуметтік төлемдерге өтінім беруден басқа, азаматтардың әлеуметтік төлемді алуға қатысты сұрақтары мыңдаған өтініштер келіп түседі, деп хабарлайды BasNews.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығына» сілтеме жасап.

2020 жылғы24 сәуір күнгі жағдай бойынша 42500.enbek.kz сайтына шамамен 232 мың өтініш түскен. Оның ішінде 23 сәуірде қазақстандықтар 25 мыңнан астам өтініш жолдаған. Бүгінде 20 мыңнан астам өтініш берушіге жауап берілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ қызметкерлері 42500.enbek.kz сайтынакеліп түскен әрбір өтінішті жіті қарап, азаматтарға өтінім беру кезінде жіберілген қателіктерді түзетуге көмектеседі.

Орталық мамандары«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ азаматтарғаекіне одан да көп табыс көздерінің болуына байланысты42 500 теңге төлеуден бас тартқан жағдайда қайда және қандай құжаттар жинау керегі туралы айтып берді.

– Азамат өтінімді жіберген кезде, жүйе оны арнайы база бойынша тексереді де, оның екі не одан да көп ұйымдардан түскен табысы бар екенін бірден көреді. Белгіленген ереже бойынша мұндай азаматтарға жүйе автоматты түрде әлеуметтік төлем төлеуден бас тартады. Егер азамат қос жұмыс орнынан да төленбейтін еңбек демалысына шығып, табысынан айрылған болса, ол мемлекеттік көмек ала алады. Осындай жағдайға тап болған адамға екі жұмыс орнынан да анықтама алып, оларды тіркеп, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына өтініш жазу керегін айтамыз, – дейді орталық маманы Жанболат Данияров.

Естеріңізге салсақ, ҚР Үкіметі 42 500 теңге әлеуметтік төлемді алуға қатысты азаматтардың өтініштерін (арыздарын) қарастыратын 3 мекемені анықтаған болатын. Олар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ-ның 1414 call-орталығы, онда заңнамалықкеңес ұсынылады, өтініш берген адамның мәртебесі және әлеуметтік төлемдер алу құқығы, сондай-ақ төлемді жүзеге асыру туралы ақпарат айқындалады;

2) 1411 call-орталық, 42500@gfss.kzэл.пошта «Азаматтарға арналған үкімет» АҚ корпорациясының МӘСҚ-мен тікелей жұмыс істейтін азаматтарға төлем тағайындау, төлемнің кешіктірілу себептері және бас тарту туралы ақпарат беріледі;

3) ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігің 42500.enbek.kz сайты, 42500@enbek.kz эл.поштасы, бұл сайт және поштада  азаматтарға әлеуметтік төлем тағайындау бойынша барлық мәселелері қарастырылады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button