BasNewsЖаңалықтар

Алматылық дәрігер ауруханада жатқан 100 әріптесіне қолдау көрсетті

Халықаралық дипломнан кейінгі білім беру институтының (МИПО) ректоры, профессор, эпидемиолог-дәрігер Арай Мағауияқызы Төлемісова Алматы көпсалалыклиникалық ауруханасында жатқан 100 дәрігерге ыстық тамақ жеткізіп, өз тарапынан демеушілік көрсетті, деп хабарлайды BasNews.kz.

Әріптестерінің бұл жанашырлығына аурухана басшылығы мен дәрігерлер ризашылығын білдіріп, алғыстарын жеткізді. Арай Мағауияқызы мұндай қайырымдылық көмек шараларының әлі де жалғасын табатынын және індетпен күрес жұмыстарында әрдайым бірге екенін жеткізді.

Айта кетейік, елімізде індетке шалдыққандар саны 2 мыңнан асса, оның 700-ге жуығы медицина мамандары. Олар да науқастармен бірге ем алуда. Алматының өзінде карантинге жабылған мыңдаған дәрігер ауруханадан шыға алмай, сол жерде тұруға мәжбүр.

 

Басқа жаңалықтар

Back to top button