BasNewsЖаңалықтар

Коронавирустан көз жұмған науқастардың өлімін зерттейтін комиссиялар құрылды

Елімізде коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттейтін комиссиялар құрылды, деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстанның барлық өңірінде Денсаулық сақтау басқармалары жанынан коронавирусты жұқтырған науқастардың өлім жағдайын зерттеу жөніндегі комиссиялар құрылды.

Комиссия науқас өлімінің тікелей себептерін анықтау үшін медициналық құжаттамаға талдау жүргізеді.

«Арқалықта үйінде қайтыс болған 84 жастағы науқасқа қатысты талдау жұмыстары 27 сәуірде жүргізіледі. Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша науқас өлімінің тікелей себебі анықталады. Бүгінде науқас туралы барлық қажетті медициналық құжаттар Арқалық қалалық емханасынан және облыстық жедел жәрдем қызметінен сұратылған. Талдау нәтижелері кейінірек қосымша жарияланады», – делінген хабарламада.

Басқа жаңалықтар

Back to top button