Жаңалықтар

Шығысқа келген шотландиялық блогер, Киран Шаннон : “Ұлттық құндылықтардың дәріптелуіне тәнті болдым”

 

“Шығыс салбурыны-2024” халықаралық фестивалі аясында “Алтай – өнер ордасы” атты концерт өтуде. Оған облысқа қарасты аудандардан келген көркемөнерпаздар қатысып, ән мен күйді төгілтуде.
Концертті жергілікті және шетелден арнайы келген қонақтар тамашалауда.
Мерекелік шара барысында еліміздің мәдениет саласының үздіктері Есен Маженов, Гүлмира Көпжасарова, Бақытбек Масалиев сынды әншілер көрермен қауымды әуезді әндерімен тербетуде.

– Қазақ халқының өнеріне тәнті болдым. Қазақстанда ұлттық құндылықтар ерекше дәріптеледі екен, – деді шотландиялық блогер Киран Шаннон.

Back to top button