Елімізде тағы 20 адам коронавирустан айығып кетті

Қазақстанда тағы 20 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды Basnews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Сайт таратқан мәліметтерге қарағанда, Нұр-Сұлтан қаласында – 1, Атырау облысында – 6, Қарағанды облысында – 4, Түркістан облысында – 4, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 1, Ақтөбе облысында 3 адам қауіпті вирусты жұқтырып алған.
Осылайша, Қазақстанда коронавирус індетінен жазылып кеткендер саны 899-ға жетті.
Нұр-Сұлтан қаласы – 240
Алматы қаласы – 117
Шымкент қаласы – 36
Ақмола облысы – 72
Ақтөбе облысы – 16
Алматы облысы – 14
Атырау облысы – 70
Шығыс Қазақстан облысы – 8
Жамбыл облысы – 46
Батыс Қазақстан облысы – 10
Қарағанды облысы – 67
Қостанай облысы – 3
Қызылорда облысы – 118
Маңғыстау облысы – 9
Павлодар облысы – 5
Солтүстік Қазақстан облысы – 25
Түркістан облысы – 43



