ШҚО-да гендерлік және отбасылық-демографиялық саясат саласындағы қызметкерлер марапатталды
ШҚО-да әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссияның мүшелеріне ҚР Президенті жанындағы Ұлттық комиссия төрайымы, Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның алғыс хаттарын табыстау рәсімі өтті.
Іс-шараға ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев қатысты. Ол марапат иелерін құттықтап, олардың өңірдің әлеуметтік саласын дамытуға қосқан баға жетпес үлесін ерекше атап өтті. Оның айтуынша, гендерлік теңдік пен отбасылық құндылықтарды қолдау бағытындағы жұмыстар қоғамның үйлесімді дамуы мен азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартудың негізі болып табылады.
Марапатталғандар қатарында: Өскемен қаласындағы «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының «Ана үйі» ресурстық орталығының өңірлік маманы Наиля Оңғарбаева, Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған лицейінің директоры Рахман Оксюз, «Ульба» қалалық аумақтық халықты әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Саня Аубакирова.
Марапат иелері өз еңбектерінің мойындалғанына алғыс білдіріп, осы бағыттарды дамыту мен қолдаудың маңыздылығын атап өтті. Олар атқарылып жатқан жұмыстар әлеуметтік жағдайды жақсартуға және қоғамдағы отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал ететініне сенім білдірді.