BasNewsЖаңалықтар

Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды

Тамара Дүйсенова Президент көмекшісі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Basnews.kz. Жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

«Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалсын», – делінген жарлықта.

Бөлімнің міндеті – азаматтардан түсіп жатқан хаттарды сараптап, халықты толғандырған проблемаларды анықтау.

Бұл қызметті бұған дейін 2019 жылдың шілдесінен бері Аида Балаева атқарып келген. Ол 4 мамырда Дәурен Абаевтың орнына ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button