Ұлытау облысында «Балалар қауіпсіздігі — басты назарда» күні аясында оқу-жаттығулар өткізілді

«Қазақстан балалары» тұжырымдамасының аясында «Балалар қауіпсіздігі — басты назарда» күніне орай, Ұлытау облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Маруа Құлұшева атындағы балаларды қолдау орталығында оқу-жаттығулар өткізді.
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты — балалардың қауіпсіздігі мен төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету дағдыларын қалыптастыру. Оқу-жаттығулар барысында балаларға өрт қауіпсіздігі, табиғи апаттар, суға бату және газбен улану сияқты төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
ТЖД қызметкерлері оқу-жаттығуларды өткізуді мақсатты түрде балалар мен олардың тәрбиешілеріне бағыттады. Оқу барысында балалар төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет ету тәсілдерін үйреніп, ТЖД қызметкерлерінің нұсқауларын орындап, түрлі қауіпсіздік техникасын тәжірибе жүзінде көрді. Сонымен қатар, балаларға апаттар мен төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын эвакуация шаралары туралы ақпарат берілді.