Жаңалықтар

Ұлытау облысында қытайлық Zhonghe Yuǎnjǐng компаниясының өкілдерімен маңызды кездесу өтті.

Ұлытау облысы әкімінің орынбасары Жәнібек Нөпіровтің төрағалығымен Zhonghe Yuǎnjǐng (Чэнду) компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.

 

Zhonghe Yuǎnjǐng компаниясы Ұлытау облысында ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Компанияның жоспарлары Ұлытау облысында жаңа жұмыс орындарын ашуға, жергілікті инфрақұрылымды дамытуға және ауыл шаруашылығы мен құрылыс салаларында заманауи технологияларды енгізуге бағытталған.

 

Кездесу барысында облыс әкімінің орынбасары өңірде инвестиция тартуға қажетті бірнеше маңызды жобаларды ұсынды.

 

Сондай-ақ, жобаларды тиімді жүзеге асыру үшін қажетті ресурстар мен қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Қытайлық компания тарапынан ұсынылған инвестициялық жобалар алдағы уақытта талқыланып, жобалардың нақты іске асуы үшін барлық тараптармен келіссөздер жалғасады.

Back to top button