ШҚО әкімі «Таза Қазақстан» акциясы аясында Үлкен Нарын ауылында 50 ағаш отырғызды

Өңірлік әкімдіктің көшпелі отырысынан кейін Үлкен Нарын ауылында облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, депутаттар, жастар мен аудан тұрғындары 50 ағаш отырғызды.
Облыс әкімі Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы елді мекендердің келбетін ғана емес, сонымен қатар адамдардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертетін ауқымды қоғамдық қозғалысқа айналғанын атап өтті.
Бүгін әрқайсымыз ортақ іске үлес қосып, кішіден бастауымыз керек, осы арқылы қоршаған ортаны жақсартуға үлес қосамыз, – деді Нұрымбет Сақтағанов.
«Таза Қазақстан» аясында ағаш отырғызу игі дәстүрге айналды. Әрине, 50 ағаш – бұл символикалық қадам ғана, бірақ дәл осындай қадамдар өңірдің экологиялық болашағын қалыптастырады.