Жаңалықтар

Анталия – Сериал Арқылы Әлемді Бағындыруға Дайын

Түркия туризмді насихаттаудың тың жолын ұсынды — “Antalya Gambit” атты алғашқы оригиналды мини-сериал жарық көрмек. Бұл жоба Жерорта теңізінің жағасында орналасқан Анталияны әлемдік көрермендерге жаңа қырынан таныстыруды көздейді.

 

Жаңа сериалдың тұсаукесері 2025 жылдың 7 маусымында өтті. Он бөлімнен тұратын екі минуттық эпизодтар Анталияның көркем жағалауларында өрбитін жұмбақ оқиғалар мен романтикалық желіні біріктіреді.

Басты рөлдерде – танымал түрік актерлері Мерьем Узерли (Ғаламат ғасыр) мен Каан Урганжиоғлу (Қара махаббат). Олар ойнайтын кейіпкерлер – Лара мен Дениз – қымбат курорт жағалауында кездейсоқ жолығып, кейін өнер туындыларына арналған қауіпті аукцион төңірегінде бір-біріне сенім мен күмән арасында күрделі ойын жүргізеді.

Сериалда Анталияның түрлі қырлары ерекше көрініс табады:

  • Тарихи Калеичі шаһар орталығы — көне мен қазіргі заманның үйлесімі;
  • Перге мен Фазелис антикалық қалалары — ежелгі өркениеттерге саяхат;
  • Порто Дженевиз шығанағы — оқшау тыныштық пен көгілдір су айдыны;
  • Белек — элиталық гольф пен сәнді демалыстың мекені.

Бұл көріністердің барлығы Жерорта теңізінің шуақты күндерімен, бай мәдени мұрасымен және заманауи туризм мүмкіндіктерімен ұштасады.

Айта кетейік, “Antalya Gambit” атты мини-сериал Түркияның туризм саласын жарнамалаудың шығармашылық тәсілі ретінде ұсынылып жатыр.

Back to top button