Ұлытау облысының 32 мың гектардан астам жеріне ауыл шаруашылығы дақылдары егілді

📍Өсімдік шаруашылығымен айналысатын шамамен 40 шаруа қожалығы бар
2025 жылы егілген егіс алқаптарының жалпы көлемі 32 мың гектарды құрайды, оның ішінде бидай – 22 мың га, арпа – 1,8 мың га, мал азықтық дақылдар – 3,5 мың га, көкөністер мен картоп – 1,0 мың га. Қазіргі уақытта жоспарланған егістік алқап толықтай егілді.
Суармалы жер көлемі – 1 000 га.
Дәнді дақылдарды себуге қажетті тұқым көлемі – 2 500 тонна.
Өсімдік шаруашылығын дамытуға мемлекеттік қолдау шаралары аясында 141,1 млн теңге қарастырылған.
Көктемгі егіс науқанына 70 трактор, 220 сепкіш, 2 егіс кешені, 37 жүк көлігі және шамамен 200 қосалқы техника жұмылдырылды.
2024 жылы шегірткеге қарсы химиялық өңдеу 14 900 гектар аумақта жүргізілсе, биыл 24 312 гектар жерге өңдеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Бүгінгі күні 17370 гектар аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді.