Жаңалықтар

Катонқарағайда дәстүрлі республикалық поэзия фестивалі басталды

Шығыстың төрінде, киелі сөзді ардақ тұтқан Алтайда қалам қуаты мен руханият мұрасын ұлықтаған тамаша шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Buqara.kz сайтының тілшісі.

«Төр Алтай Қалиханы мен Дидахметін жырлайды» атты республикалық поэзия фестивалінде Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театры арнайы қойылым сахналады. Олар көрерменді тебірентіп, жүрек қылын шертіп өтті. Қазақ әдебиетінің қос алыбы — Қалихан Ысқақ пен Дидахмет Әшімханұлының шығармашылық келбеті, олар қалам тербеген өрелі ойлар мен асыл сөзге адалдығы сахна төрінде шынайы көрініс тапты.
Көпшілік көңілінен шыққан бұл қойылым — әдебиетке, өнерге, сөз құдіретіне тағзым. Қаламгерлер рухына көрсетілген құрмет олардың мұрасын кейінгі буынға жеткізудің жолы ретінде есте қалары анық.

Ұлжан СЕЙІТХАНОВА

Back to top button