Жаңалықтар

Жезқазғанда жылу желілерін жаңғырту жобасы оңтайландырылып, 1,2 млрд теңгеден астам қаржы үнемделді

 

 

«Жезқазған қаласының жылу желілерін қайта құру және жаңғыртудың» екінші кезеңі аясында жобалық шешімдер қайта қаралып, бұл жұмыс көлемін азайтуға және сметалық құнын төмендетуге мүмкіндік берді.

 

Инженерлік бағалау нәтижесінде мамандар балама әрі оңтайландырылған жобалық шешімдерді ұсынды. Бұл шығындарды азайтып, құрылыс мерзімін қысқартуға мүмкіндік берді.

 

Жобаның жалпы құны 7,45%-ға, яғни 1,2 млрд теңгеден астам сомаға қысқарды. Сонымен қатар, барлық техникалық талаптар мен сапа стандарттары толық сақталды.

 

Аталған жобаның аяқталуы қаладағы жылумен қамту сапасын жақсартып, сондай-ақ жаңадан салынып жатқан Батыс ауданын жылу энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Back to top button