Жаңалықтар

Құқық үстемдігі жолындағы серпін: Қазақстан халықаралық қауымдастықпен ынтымақтастықты күшейтті

Қазақстанның Еуропа кеңесінің қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету туралы Конвенциясына қосылуы Халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады

 

Еуропалық Конвенция Еуропа Кеңесіне мүше 46 мемлекетті, сондай-ақ ұйымға кірмейтін төрт елді –Израиль, Оңтүстік Корея, Моңғолия және Чилиді біріктіреді. Қазақстанның осы тетікке қосылуы елдің халықаралық құқықтық стандарттарға бейілділігін растайды және оның қылмысқа қарсы жаһандық күрестегі рөлін күшейтеді.

Конвенцияға қосылу әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанның демократиялық институттар мен құқық үстемдігін нығайтудағы елеулі прогресін мойындауын, сондай-ақ еліміздің халықаралық беделінің өсуін айқын көрсетеді. Мұндай маңызды қадам Мемлекет басшысы бастаған дәйекті және ауқымды саяси реформалардың арқасында мүмкін болды.

Қазақстан Еуропа Кеңесімен және оның құрылымдарымен 1997 жылдан бері ынтымақтасып келеді.

Қазақстан Еуропа Кеңесі мүшелерінің қатарына кірмесе де, ҚР ішінара және кеңейтілген келісімдер арқылы ұйыммен әріптестікті белсенді дамытуда. Бұл механизм ЕО-ға мүше емес мемлекеттер мен Халықаралық ұйымдарға Еуропа елдерімен бірлесіп өзара мүдделіліктің маңызды мәселелерімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Құқық үстемдігін ілгерілетудің маңыздылығын мойындай отырып, Қазақстан Қылмыстық саланы қоса алғанда, Еуропа Кеңесінің бірқатар конвенцияларына қосылу жөніндегі күш-жігерді қолдайды. Бұл шешім — ҚР-ның әлемдік құқықтық кеңістікке кірігуіндегі кезекті қадам, бұл ұлттық әділетке деген сенімнің артуына ықпал етеді және азаматтар мен бизнестің мүдделерін қорғаудың қосымша кепілдіктерін жасайды.

Back to top button