BasNewsЖаңалықтар

Елордада қызметіне тыйым салынған нысандардың тізімі жарияланды

Нұр-Сұлтан қаласының бас санитар дәрігері Жанна Пралиева қаладағы карантин аясында жұмысына рұқсат етілмеген нысандардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Basnews.kz.

«Тойларды, ауызашарларды ұйымдастыруға тыйым салынған. Сонымен қатар, ойын-сауық және спорттық, бұқаралық шараларды өткізуге рұқсат етілмеген», – деді Ж. Пралиева онлайн баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, сауда ойын-сауық орталықтарының, кинотетрлардың, театрлардың, көрмелердің, сондай-ақ адамдар көптеп жиналатын өзге де нысандардың жұмысына да тыйым салынған.

«Мұнымен қоса, бассейндерді, моншаларды, сауналарды, косметологиялық орталықтарды, фитнес-орталықтарды, тренажерлік залдарды, массаж салондарын, түнгі клубтар мен караокелерді, лаундж барлардың қызметін ашуға тыйым салынады», – деді Жанна Пралиева.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі барлық білім беру мекемелері кезекші топ режимінде жұмыстарын бастауға дайын.

Сонымен қатар, арнайы ұйымдар, психологиялық-медициналық әрі педагогикалық консультациялар, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері, оңалту орталықтары 18 мамырдан жұмысын бастауды жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button