BasNewsЖаңалықтар

Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтары қашан ашылатыны белгілі болды

Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтары қашан ашылатыны белгілі болды, – деп хабарлайды BasNews.kz қала әкімдігінің жұртшылықпен байланыс қызметіне сілтеме жасап.

«25 мамырдан бастап Алматыда қонақ үй кешендерін, қоғамдық тамақтану нысандарын, СО (сауда орталықтары), СОО (сауда ойын-сауық орталықтары) және сауда үйлерін кезең-кезеңмен ашу мәселесі қарастырылады. Бұл қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты мүмкін болады», – делінген қала әкімшілігінің хабарламасында.
Сонымен қатар, Алматыда 18 мамырдан бастап туроператорлар қызметінен шектеу алынады. Ұялы байланыстың абоненттік бөлімшелері, екінші деңгейлі банк және қаржы секторының басқа да ұйымдары жұмысқа толық орала алады. Бұл тағы 34,2 мың адамды жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button