BasNewsЖаңалықтар

Шымкентте 77 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Шымкентте бір тәулікте коронавирус инфекциясын 77 адам жұқтырған. Науқастардың 68-і скрининг нәтижесінде анықталып, инфекциялық стационарға жатқызылған, хабарлайды BasNews.kz.

Қалалық төтенше жағдай штабының мәліметінше COVID-19 диагнозы нақтыланғандардың үшеуі Атырау облысынан келген болса, 2 адам халықаралық жүк тасымалының жүргізушісі екені анықталды. Ал, қалған 4 науқас бұрын ауырғандармен қарым-қатынаста болған.

Қазіргі таңда қауіпті індетке шалдыққандардың барлығы стационарлық ем қабылдап, олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Сондай-ақ, профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Айта кетейік, қазіргі уақытта қала бойынша COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 344 адам анықталды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button