Аймақтар

Мұнай-газ саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады

Шығыс Қазақстан облысында мұнай-газ кешені қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен салтанатты құттықтау рәсімі өтті.

Бұл күн 7 қыркүйекте атап өтіледі, алайда вахталық жұмыс кестесіне байланысты мамандарды күтіп, оларға лайықты марапаттарын табыстау жөн деп шешілді.

Облыс әкімі мұнай-газ саласы өкілдерінің еңбегінің ерекше маңызын атап өтті. Олардың жұмысы энергетиканы дамытып, экономиканы нығайтып, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді.

“Мұнай-газ саласы мамандарының күнделікті еңбегі үлкен жанкештілікті, тәртіп пен шеберлікті талап етеді. Сіздердің сенімділіктеріңіз бен мамандыққа адалдықтарыңыз – өңір мен елдің тұрақтылығы мен әл-ауқатының берік негізі”,– деп атап өтті өңір басшысы.

Шығыс Қазақстан өндірістік филиалы «QAZAQGAZ AIMAQ» ұжымына да ерекше алғыс айтылды. Олар Зайсан ауданындағы он елді мекенді тұрақты түрде газбен қамтамасыз етіп келеді.

Іс-шара аясында саланың үздік өкілдеріне марапаттар табысталды:

Облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталғандар:

• Аслан Қуанбекұлы — жерасты газ құбырларын пайдалану және жөндеу слесары;

• Серікбек Қызыр — электрогазбен дәнекерлеуші;

• Дулат Болатұлы Садуақасов — апаттық-қалпына келтіру жұмыстарының слесары.

KAZENERGY қауымдастығының Құрмет грамотасы Елдос Сайлаубекұлы Файзулинге — газбен жабдықтау және сату қызметінің маманына табысталды.

«Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Құрмет грамотасы Ерасыл Бақытханұлына — электрогазбен дәнекерлеушіге берілді.

«QazaqGaz Onimderi» ЖШС Бас директорының Құрмет грамотасы Еркін Слямбекұлы Имановқа — кәсіпорын жүргізушісіне табысталды.

Облыс әкімі қызметкерлерге мықты денсаулық, отбасылық амандық және Отан игілігі жолындағы жаңа кәсіби жетістіктер тіледі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button