Аймақтар

Мемлекет басшысы өз Жолдауында киберқауіпсіздікті күшейтудің маңыздылығын ерекше атап өтті.

Бүгін ҚСжАЕК-ның Қылмыстық қауіп-қатерлер және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығының алғашқы есебі тыңдалды.

Орталық жасанды интеллект элементтерін қолдана отырып, цифрлық жобаларды іске асыруға кіріскен: «е-Өтініш» жүйесіндегі жолданымдарды талдайды, қылмыстылықты болжайды, Қазақстанға таралуына жол бермеу үшін әлемдік қылмыстық қауіп-қатерлерді бақылайды.

Жуырда дәл осы Орталық автокөлік иелеріне бағытталған ауқымды фишингтік шабуыл туралы алдын ала ескерту жасады.

Қаскүнемдер жол жүрiсi қағидаларын бұзғаны туралы «қаулылары» тіркелген және «айыппұл төлеу» сілтемесі бар хаттарды таратуда. Оған өту қаражаттың ұрлануына және құрылғылардың зақымдалуына әкеледі.

Алғашқы шабуылдар АҚШ пен РФ-да тіркелді, сол себептен біз азаматтар мен мемлекеттік органдарды бар тәуекелдер туралы хабардар етудеміз.

Адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғау – біз үшін бірінші кезектегі міндет. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура киберқылмыс қауіп-қатерлерін дер кезінде анықтап, алдын алу мақсатында цифрлық болжамды одан әрі жүзеге асырады. Бұл – қоғам алдындағы біздің жаңа жауапкершілігіміз.

Басқа жаңалықтар

Back to top button