BasNewsЖаңалықтар

Нұр-Сұлтанда карантин ережесі қатаңдатылуы мүмкін

Нұр-Сұлтанда санитарлық нормалардың сақталмауына байланысты карантин ережесі қайта қатаңдатылуы мүмкін. Бұл туралы елорда әкімдігіндегілер айтты, – деп хабарлайды Basnews.kz.

Әкімдіктің мәліметінше, елдегі бірқатар құрылыс компаниясы, азық-түліктік емес дүкендер, мейрамханалар, кафелер (тапсырыспен жұмыс істеген) санитарлық ережелерді сақтамағандықтан жабылған. Әкімдік өкілдері күнделікті полицейлер мен эпидемиологтармен жұмыс істеуге рұқсат етілген нысандарды тексереді екен.

Еске салайық, мұның алдында да санитарлық нормаларды сақтамаған 15 нысанның жабылғаны хабарланған еді.

Бүгінде Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 6440-қа жетті, айыққандар саны – 3256, қайтыс болғандар саны – 34.

Басқа жаңалықтар

Back to top button