BasNewsЖаңалықтар
Алматыда коронавирустан бір науқас қайтыс болды

Алматы қаласында коронавирус індетінен 59 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды Basnews.kz coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
«Өлім нәтижелерін зерттеу жөніндегі комиссия бұл жағдайды коронавирустық инфекциядан қайтыс болған деп тіркеуге шешім қабылдады», – делінген ақпаратта.
Қазақстанда індеттің расталған жағдайларының саны 6440-қа жетті. Оның ішінде жазылды – 3373, қайтыс болды 35 адам.