Ұлытау облысында Ахмет Баржақсұлының өмірі мен еңбегіне арналған конференция өтті

Бүгін Жезқазған қаласында мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Ахмет Баржақсұлының өмірі мен еңбегіне арналған «Ахмет Баржақсұлының ғұмыры мен мұрасы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына және «Тарихқа тағылым – өткенге тағзым» жобасы аясында Ұлытау облысының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өтті.
Конференцияға еліміздің белгілі ғалымдары, тарихшылар, қоғам қайраткерлері мен жазушылар, сондай-ақ өңірдің зиялы қауым өкілдері қатысты.
Іс-шараның мақсаты – Алаш арыстарының бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Ахмет Баржақсұлының өмірі мен ғылыми мұрасын зерттеу, оның тарихи рөлін айқындау және ұлт тарихындағы орнын бағамдау.
Конференция барысында Ахмет Баржақсұлының жаңа аударма кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың таныстырылымына қоғам және мәдениет қайраткерлері, Ахмет Баржақсұлының ұрпақтары мен шығармашылық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара онлайн және офлайн форматта ұйымдастырылды.
#АхметБаржақсұлы #Ұлытау #Жезқазған #ҒылымиКонференция #ҚазақстанХалқыАссамблеясы #ТарихқаТағзым #МәдениШара



