BasNewsЖаңалықтар

Қазақстандық шекарадан өтерде 50 мыңға жуық долларын декларацияда көрсетпеген

Шекарашылар декларацияланбаған қомақты қаражатты алып өтпек болған азаматты ұстады, деп хабарлайды Basnews.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 18 мамырында Алматы облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы ҚХР-ға өтіп бара жатқан Қазақстан азаматын ұстады. Иісшіл иттің көмегімен тәртіп бұзушыдан 49244 АҚШ доллары көлемінде декларацияланбаған ақша табылды.

Ұсталған азамат белгіленген тәртіппен «Нұр Жолы» кеден бекетінің қызметкерлеріне табысталды», – делінген ҰҚК хабарламасында.

Басқа жаңалықтар

Back to top button