Ұлытау облысының спортшылары Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды!

Қазақстан әйелдер хоккей құрамасы Азия чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді! Өскеменде өткен әйелдер арасындағы хоккей жарысында Қазақстан құрамасы Оңтүстік Кореяны сенімді түрде 3:1 есебімен жеңіп, қола медальді жеңіп алды. Бұл — еліміздің хоккей тарихындағы маңызды оқиға және Азия аренада Қазақстан спортшыларының тұрақты жоғары деңгейде екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Ең ерекше әрі мақтан тұтарлық жайт — 15 жастағы Муравьева Софья, Ұлытау облысының жас спортшысы, ересектер арасындағы ұлттық құраманың құрамында өнер көрсетті. Оның бұл жетістігі жас спортшылар үшін үлкен мотивация болып табылады, сондай-ақ облыс спортының дамуы мен болашағына сенім ұялатады.
Сонымен қатар, құраманың қатарында Ұлытау облысының тағы бір түлегі Зубкова Софья бар, ол да осы жарыста өзінің кәсіби шеберлігін көрсетіп, командаға қола медальға жетуге үлес қосты.
Ұлттық құраманы осы жарысқа дайындаған жаттықтырушылары — Сергеев Егор Викторович. Олардың тәжірибесі, кәсібилігі және спортшылармен тығыз жұмысы осы жетістіктің негізгі кепілі болды.
Бұл жеңіс — Қазақстан әйелдер хоккей құрамасының ғана емес, барлық Ұлытау облысы үшін үлкен мақтаныш. Жас спортшылар мен облыс тұрғындары үшін бұл оқиға ынталандырушы факторға айналып, болашақта жаңа жеңістерге, жаңа медальдарға жол ашатыны сөзсіз.
Қазақстан әйелдер құрамасын және Ұлытау облысының дарынды спортшыларын шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта да жаңа биіктерге жетулерін тілейміз!


