Еліміздегі 1,5 млн оқушы бір мезгілде мазмұндама жазды

🏫 Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен Дүниежүзілік балалар күніне орай мектеп оқушылары қауіпсіздік пен бала құқықтарының сақталуы жөнінде мазмұндама жазды. Оған бір мезгілде республика бойынша 1,5 млн бала қатысты.
🔸 Бұл бастама «Заң мен Тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында ұйымдастырылды. Еліміздің барлық мектептерінде 7–11 сынып оқушылары үшін арнайы сынып сағаттары өткізіліп, құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған біріңғай мазмұндама жазу жұмыстары жүргізілді.
✨ Іс-шара барысында оқушыларға құқықтық сауаттылықтың маңызы, заңға бағынудың қоғамдағы рөлі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары түсіндірілді.
📌 Республикалық акция жасөспірімдердің құқықтық білімін нығайтуға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.



