BasNewsЖаңалықтар
Ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап келеді

KASE қор биржасында және ақша айырбастау орындарында доллар қымбаттап келеді, – деп хабарлайды BasNews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
22 мамырдағы таңғы сауданың қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 413,7 теңгеге теңге болды.
Бұл кешегі көрсеткіштен 0,67 теңгеге көп.
Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар 414,4-418 теңге аралығында сатылып жатыр.
Ал Нұр-Сұлтандағы ақша айырбастау орындарында доллар 415,5 – 417 теңге аралығында сатылып жатыр.